Велосипедшінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы екінші қараша күні орын алды. Тайынша ауданы Калиновка ауылында жеңіл көлік жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан велосипедшіні  қағып кеткен, деп жазады Qazaqstan Media.

Калиновка ауылында кешкі сағат тоғыз шамасында жол-көлік оқиғасы тіркелді. 53 жастағы Audi көлігінің жүргізушісі 54 жастағы велосипедшіні қағып кеткен.  Екеуі бір-біріне қарсы келген екен. Қазір 54 жастағы ер адамның жағдайы ауыр, тұрақсыз, дейді дәрігерлер. Ол көпбейінді Тайынша ауданаралық аруханасында жатыр. Жасанды демалдыру аппаратымен тыныс алуда.

«Түрлі дене жарақатын алған. Кеуде қуысына зақым келген. Оң жақ бірнеше қабырғасы, оң жаң аяқ жіліншіктері сынған. Бел омыртқасына да үлкен зақым келген»,-дейді дәрігерлер.

Қазіргі кезде полиция факті бойынша тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.

Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандық өнерпаз халықаралық байқауда үздік атанды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *