СҚО-да АПВ-ға қарсы 900-ге жуық қыз вакицна алды

Адам папиллома вирусы  – жыныстық жолмен берілетін өте кең таралған инфекция. Ол жатыр мойны обырының дамуына әкелуі мүмкін. Сондықтан елімізде қыркүйектен бастап 11 жастан асқан қыздарға екпе қойылуда. Qazaqstan Media тілшісі онколог дәрігермен тілдесіп қайтты.

Адам папиллома вирусы тез тарайды, көбіне жыныстық жолмен беріледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, 95 пайыз жағдайда вирус әйелдерде қатерлі ісік туғызады. Ол Қазақстандағы сүт безі обырынан кейін тұрған кең таралған ауру. Адам папиллома вирусы туғызатын аурулардан қорғанудың жалғыз жолы – вакциналау. Дәрігерлер екпені жыныстық қатынасқа түспей тұрып салдыруға кеңес береді.

 

«Қыркүйек айынан бастап өңірімізде 11 жастан асқан қыздардың 900-ге жуығы АПВ-ға қарсы екпе алдырды. Оның адам ағзасына еш зияны жоқ. Яғни, болашақта жүкті бола алмау қаупі, тууға қарсы көрсеткіштері жоқ. Екпе алғаннан кейін адам ағзасында вирусқа қарсы иммунитет пайда болады. Сондықтан одан қорықпау керек. Шет елдердің біразында бұл екпе бұрыннан қолданыста бар», — дейді онкогинеколог Жанна Саттарқызы.

ҚР денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, елде жыл сайын 2000-ға жуық әйелден жатыр мойыны обыры анықталады екен. Бір жыл ішінде осы аурудан 600-ге жуық қыз-келіншек көз жұмады.

Былтыр облыс бойынша 52 әйелден жатыр мойыны обыры анықталыпты. Биыл жыл басынан 48 қыз-келіншек есепке алыныпты. Жалпы қазір дәрігерлердің тіркеуінде 568 әйел тұр.

Тағы оқыңыз: 2025 жылы Есіл ауданында 27 жел генераторының құрылысы басталады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *