СҚО-да АИТВ есебінде тұрған жандардың 90 пайызы бар антиретровирустық терапияны алады. Статистика өткен жылмен салыстырғанда үш пайызға өсті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
 
Бірінші желтоқсан күні әлемде ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі. Соның аясында елімізде бір ай бойы түсіндірме шаралары жүргізіледі. Оның мақсаты — қол жеткізілген жетістіктерді сақтау және АИТВ-ға қарсы тиімді шараларды дамыту.

Облыста вирустың таралуының екі негізгі жолы тіркелген. Олар: паренталды және жыныстық жол. Айта кету керек, АИТВ-мен ауыратын жүкті әйелдерге ерекше назар аударылады.

Себебі, вирус іштегі балаға да жұғууы мүмкін. Қуанышымызға орай, соңғы жылдары облыста мұндай жағымсыз жайт тіркелмеген. Антиретровирустық терапия — организмдегі вирусты басуға және иммундық жүйені қалпына келтіруге көмектеседі. Ауруға шалдыққан адам оны өмір бойы қабылдай алады.

«Бүгінгі күні АИТВ-ны жеңуге болады. Дәрі-дәрмектерді үнемі қабылдау біздің пациенттеріміздің әл-ауқатын жақсартып, өмірін ұзартады. Сонымен қатар вирустың таралуын төмендетуде маңызбы рөл атқарады. АИТВ-мен өмір сүретін жандам ұдайы денсаулығына күтім жасауы міндетті», — СҚО ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жөніндегі орталығының директоры Мамадияр Байғұлов.

Тағы оқыңыз: Назгүл Маратова — Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері!

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *