Петропавлда 22-ші мамыр күні газ баллоны жарылысына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл оқиғада 94 жастағы қарт зардап шегіп, қазір ауыр халде ауруханада жатыр, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Qazaqstan Media редакциясы 22-ші мамыр күні Петропавлда газ баллоны жарылып, салдарынан 94 жастағы қария зардап шеккенін жазған еді. Осы фактіге қатысты полицейлер «өзін-өзіне қол жұмсауға итермелеу» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Себебі, зейнеткер өз үйінде төрт газ баллонын кірігізіп, біреуіне от қойып жарып жіберген. Ол туралы кеше Астана телеарнасына берген сұхбатта көршілері айтты. Айтуларынша, қария жұбайымен ұрсысып,оны сабап тастаған. Әжей көршілерден көмек сұрап, атаның өзі-өзін жарып жіберемін деп қоқан-лоқы көрсетіп жатқанын айтқан. Мамандар келгенімен, үйге кіреміз дегенше баллон жарылыпты. Салдарынан қария ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

«Пациент жансақтау бөлімінде, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Беті, мойны, иығы, шаты, бөксесін күйік шалған. Жағдайы өте ауыр, қандай да бір болжам жасау қиын», — дейді дәрігерлер.

Тағы оқыңыз: СҚО-да алимент төлемегендер қамауға алынды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x