СҚО-да 47 мың ауыл азаматы МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған

Солтүстік Қазақстанда 83 мыңға жуық адамда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жоқ. Оның басым бөлігі ауыл тұрғындары. Бұл мәселені облыс орталығында «Әділет және өркендеу» ҚҚ өкілдері мен қоғам белсенділері және жауапты мамандар талқылады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Дөңгелек үстел басына медициналық сақтандыру қорының, денсаулық сақтау, еңбек мобильділігі орталығының өкілдері және еңбек инспекциясының да мамандары жиналды. Басты тақырып – МӘМС жүйесі және оған жарна төлемеген азаматтардың құқықтары. Себебі, қазіргі кезде облыста ресми ақпаратқа сәйкес, 83 мыңға жуық адам МӘМС жүйесінде тіркелмеген.

СҚО-да 47 мың ауыл азаматы МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған

«МӘМС жүйесі облыс бойынша емес, ел бойынша өзекті. Әсіресе, ауыл адамдарының жарнаны төлеуге мүмкіндіктері жоқ. Мысалы, біздің есеп бойынша 85 мыңға жуық адам сақтандырылмаған. Ал жұмыссыздар саны 12 мың. Сонда арадағы 60 мыңға жуық адам не үшін сақтандырылмай отыр? Кімдер жарнасын төлемей отыр? Деген заңды сұрақ туындайды. Осы мәселені көтеру үшін жауапты мамандарды шақырдық. Бұл жерде басты мақсат — мәселені бірігіп шешу. Сонымен қатар, ҚР мәжіліс депутаттарына хат жолдап, Үкімет тарапынан да аталмыш мәсәлені қарастыруды ұсыну», — дейді «Әділдік және өркендеу» ҚҚ СҚОФ жетекшісі Жанат Мұхамеджанов.

Оның сөздерін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» СҚОФ директоры Айнагүл Давлетчина да растап отыр. Бірінші қазандағы есеп бойынша, өңір тұрғындарының 83 мыңы сақтандырылмаған. Оның басым бөлігі – ауыл азаматтары.

СҚО-да 47 мың ауыл азаматы МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған

 

«Біз адамдарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың қажеттілігін түсіндіру жұмыстарын күшейттік. Жетінші қазандағы есеп бойынша облыста 82 мыңнан астам адам сақтандырылмаған. Бұл адамдардың арасында тұрмысы төмен, аз қамтылған жандар да бар. Оларды біз Д,Е санатына қосамыз. Олар үшін енді 2025 жылдан бастап жергілікті әкімдіктер төлейтін болады. Сол кезде сақтаныдырылмаған жандардың саны азаяды»,-деп отыр Айнагүл Давлетчина.

Өңірімізде 47 мың ауыл тұрғыны МӘМС жүйесінде жоқ. 11 мың адам мүлдем МӘМС жарнасын төлеп көрмеген. Төрт мың адам өз-өзін жұмыспен қамтығандар қатарында. Алайда, барлығы бірдей ай сайын МӘМС төлемін жасамайды.

Тағы оқыңыз: Петропавл көшелерін қардан тазартуға 150 техника жұмылдырылады

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x