Жаз мезгілінде ювеналды полиция қызметкерлері балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігіне ерекше назар аударады. Өткен демалыс күндері құқық қорғаушылар ауқымды түнгі рейд өткізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары түнгі сағат 23:00-ден кейін үйден тыс жерде ата-анасыз жүрген 25 кәмелетке толмаған баланы анықтады, деп жазады Qazaqstan Media.
Полиция қызметкерлері жасөспірімдер жиі жиналатын орындарға — сауда ойын-сауық орталықтары мен компьютерлік клубтарға ерекше назар аударды. Сонымен қатар ойын-сауық мекемелері де тексерілді. Олардың мақсаты — кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға байланысты құқықбұзушылықтардың алдын алу және балаларға қарсы қылмыстардың болуына жол бермеу.
Демалыс күндері құқық қорғаушылар ауқымды түнгі рейд өткізді. Оларға қамқоршылық және білім беру саласының өкілдері, Жастар бастамалары орталығы мен еріктілер қосылды.
«Полиция қызметкерлері жасөспірімдер жиі жиналатын орындарға — сауда ойын-сауық орталықтары мен компьютерлік клубтарға ерекше назар аударды. Сонымен қатар ойын-сауық мекемелері де тексерілді.Тәртіп сақшылары түнгі сағат 23:00-ден кейін үйден тыс жерде ата-анасыз жүрген 25 кәмелетке толмаған баланы анықтады. Кей жағдайларда балаларды туыстары ертіп жүрген»,-деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Заң бойынша баланың ресми өкілі болып тек ата-анасы немесе қамқоршысы саналады. Әжелер, аталар, аға-апалар кәмелетке толмағандар үшін заң алдында жауапты емес.
Тағы оқыңыз: СҚО-да Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына орай ғылыми-тәжірибелік конференция өтті