СҚО-да 25 ауылдық округ және екі қаланың әкімі сайланды

Солтүстік Қазақстан облысында төртінші шілде күні ауыл әкімдерінің сайлауы өтті. Тұрғындар 25 ауылдық округ пен екі қаланың әкімі үшін дауыс беріп, таңдау жасады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Сайлау өңірдегі 11 ауданда өтті.

Айыртау ауданы Константиновка селолық округінің әкімі болып Сергей Орлов сайланды. Ол  692 дауыс жинаған.

Лобанов селолық округіне әкім болып Саят Қошқарбаев сайланды. Оны қолдап 677 адам дауыс берген. Ол өзін-өзі ұсынған екен. Уақытша жұмыссыз.

«Есіл ауданында үш ауылдық округте сайлау науқаны болды. Амангелді ауылдық округінде тұрғындар 1964 жылы туған Бақыт Исмагулов үшін дауыс берді.  Заречный селолық округінде АМАNАТ партиясы атынан ұсынылған Арман Абулгазин көп дауыс жинап, жеңіске жетті. Явленка селолық округінде де АМАNАТ партиясының өкілі Нұркен Сисенбаевты қолдап, көп адам дауыс берген», — деді облыстық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.

Жамбыл ауданындағы Кладбинка селолық округінің әкімі болып Respublica саяси партиясынан түскен  Сұлтан Абзалимов сайланды. 

М. Жұмабаев ауданында екі селолық округ және Булаево қаласы әкімінің сайлауы өтті. Қала басшысы болып «Қазақстан халқы партиясының» мүшесі, 37 жастағы Азамат Беримжанов сайланды.  

Алтын дән селолық округіндегі сайлау нәтижесі бойынша Валерий Форш көп дауыс жинап, жеңіске жетті.

Бастомар ауылдық округінің халқы бұрынғы әкімдері  Марат Қайыржановты қолдап, дауыс берген.

Қызылжар ауданындағы Бугровое селолық округіне 235 дауыс жинаған Нұрсұлтан Қуатов әкім болып сайланды.

Аталмыш аудандағы Виноградовский ауылдық округі тұрғындарының басым бөлігі Фархат Гарипов үшін дауыс берген.

Прибрежный селолық округіне Дәурен Рамазанов сайланды.

«Мамлютка қаласының әкімі болып АМАNАТ партиясынан ұсынылған Асқар Оразалинов сайланды. Ол уақытша жұмыссыз. Новомихайловка селолық округінде  Елхан Бименді көп дауыс жинап, жеңіске жетті. Ол өзін-өзі ұсынған. Ғ. Мүсірепов ауданындағы Возвышенский селолық округі бойынша Елена Сандерс жеңіске жетті. Новосельский ауылдық округіндегі сайлау қорытындысы бойынша Сергей Спасибушкин әкім болып сайланды», — деп нақтылады облыстық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.

Тайынша ауданында бес ауылдың әкімі таңдалды. Ол Драгомировка селолық округінде — Александр Шерстюк, Келлеровкада — Ержан Хамитов және Тихоокеан ауылдық округіне Ерлан Бакиров әкім болса, Яснополяна селолық округіне Ермұқан Темірбаев әкім болып сайланды. Чкалов селолық округіне өзін-өзі ұсынған Азамат Қалиақпаров әкім болып сайланды.

Тимирязев ауданындағы Докучаев селолық округінде болған сайлауда өзін-өзі ұсынған Бақытжамал  Жағыпарова жеңіске жетті. Уәлиханов ауданындағы Қарасу ауылдық округі азаматтарының басым бөлігі Ғалиаскер Жүкенов үшін дауыс берген.

Шал ақын ауданында Новопокровка ауылдық округіне Руслан Сәдуақасов әкім болып сайланса, Приишим селолық округіне Марат Ахметов сайланды. Ал өзін-өзі ұсынған Ғани Құбаисов Юбилейный селолық округінің әкімі болып сайланды.

Айта кетейік, жаңа сайланған әкімдердің екеуі әйел, қалғаны ер азаматтар.

Тағы оқыңыз: СҚО-да қаңғырған иттер мал мен құсты қырып жатыр

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x