СҚО-да 2024 жылы мектептердің антитеррорлық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 333 млн теңге жұмсалмақ

Солтүстік Қазақстан облысында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, онда келер жылы бюджет қаржысы қайда жұмсалатындығы айтылды. Қомақты қаражат білім беру саласына бөлінген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

2024 жылы білім саласына бюджеттен 148 миллиард теңгеден астам сома бағытталды. Бөлінген қыруар қаржыға келер жылы мынадай жұмыстар атқарылмақ:

— Жетім балаларға арналған ұйымдардың техникалық, материалдық базасын жаңартуға, мектепке дейін білім беретін ұйымдардың, интернаттардың, кітапханалардың қазандықтарын, жиһаздарын жаңартуға, дәретханаларды жөндеуге, мектептердегі асханаларды жаңалауға және мектептердің ағымдағы жөндеуіне – 3 млрд теңге;

— Пәндік кабинеттерді жабдықтау – 344 млн теңге;

— Мектептердің маңын абаттандыруға – 400 млн теңге;

— Балаларды тасымалдау үшін 20 техника алуға – 539 млн теңге;

— Білім беретін 26 ұйымның күрделі жөндеуіне – 2,5 млрд теңге;

— Мектептердің антитеррорлық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге – 333 млн теңге жұмсалмақ.

Сонымен қатар бюджет ақшасына түзету, мектеп -интернатының құрылысын аяқтап, жабдықтарын алу кіреді. «Даутов атындағы қызмет көрсету саласы колледжінің» шығындарына және жатақханасының ағымдағы жөндеуіне 94 млн теңге бөлінген.

Тағы оқыңыз: Шырша кескендер он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x