Жыл басынан бері облыста 27 адам өрттің салдарынан көз жұмған. Марқұмдардың жартысына жуығы масаң күйде от жаққан және темекіні сөндірмей ұйықтап қалған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жайсыз жайттардың алдын алу мақсатында құтқарушылар, полицейлер және еріктілер рейд жүргізіп жатыр. Мамандардың қолында Жұмысшы кентіндегі ішімдікке әуес отбасылардың тізімі бар. Сол бойынша олар әр үйге кіріп, әңгіме жүргізуде, кітапшалар таратуда.

«Облыста жыл басынан 430-ға жуық өрт тіркелді. Келтірілген залал көлемі 353 млн теңгені құрайды. Жылыту маусымы басталғалы облыста 50-ден астам өрт тіркелді», — деді СҚО ТЖД инженері Жарас Тұяқ.

Қағазда өрттің шығу себептері мен пешті дұрыс жабдықтау ережелері бүге-шүгесіне дейін жазылған. Кітапшалар ұстаған жерінде оқылса, көңілге тоқылса, ақпардың әр адам үшін маңызы зор. Төтеншеліктер бірінші барған үйден бірнеше олқылық анықтады. Қайғылы жағдайдың алдын алу мақсатында датчик орнатты.

Ішімдікке салыну – ғасыр дерті. Облыста 5 мыңнан астам адам маскүнем ретінде есепте тұр. Оның 3 мыңға жуығы Петропавлда тұрады. Өкінішке қарай, статистика жыл сайын өсіп барады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да АИТВ-ның алдын алуға арналған жарыс өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *