СҚО-да өртке қарсы айлық басталды. Бүгін облыстық ТЖД мамандары Жұмысшы кентін аралап, ондағы жеке тұрғын үйлерді тексерді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Төтеншеліктер әр үйге бас сұқты. Пештің жағдайын тексерді. Қажетті ақыл-кеңес берді. Кейбір баспаналарға датчик орнатты.

Баспаналарда датчиктің болуы аса маңызды. Себебі, түтін тараса құрылғы бірден дабыл қағады. Төтеншеліктер әлеуметтік осал топтарға жататын отбасыларды ұмыт қалдырмаған.

«Осы жылы әлеуметтік осал топтарға жататын алты мыңға жуық үйді есепке алдық. Оларда 24 мыңнан астам адам тұрады. 14 мың бала бар. Жауапты кезеңде барлық тұрғынның үйіне барып, өрт қауіпсіздік ережелерін түсіндіреміз. Мұржаларды тазалаймыз. Егер дабыл датчигі орнатылмаса, орнатып береміз», -деді СҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Аслан Ахметжанов.

Биыл өңірде 287 өрт оқиғасы орын алды. Салдарынан 17 адам қаза тапты. Оның үшеуі — бала. 25 адам түрлі жарақат алды.

Төтеншеліктер тек үйлерді тексермейді. Білім беру нысандарының да жылыту маусымына дайындығымен танысады. Биыл мамандар 400-ден астам мекемеде болыпты. Нәтижесінде үш мыңнан астам өрт қауіпсіздігі ережесінің бұзылуын анықтаған.

Тағы оқыңыз: Петропавлда сотталғандар аштық жариялап, өздерін жарақаттаған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *