СҚО-да өлім-жітім саны туу көрсеткішінен жоғары болып тұр

Ұлттық статистика бюросы 2024 жылғы қаңтар-маусым айларындағы демографиялық жағдай туралы ақпаратты жария етті. Ондағы мәліметтерге сүйенсек, Солтүстік Қазақстанда ел бойынша өлім-жітім ең көп тіркеледі екен,  деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, халық саны 20 159 707 адамды құрады. Оның ішінде қала тұрғындары – 12 573 637, ауыл тұрғындары – 7 586 070 адам. Жарты жылда елімізде халықтың жалпы өсімі 125 867 адамды құраған.

«2024 жылдың алты айында Қазақстанда 184,7 мың бала дүниеге келсе, 66,1 мың адам қайтыс болған.  Осылайша, халықтың табиғи өсімі 118,6 мың адамды құрады», – деп көрсетілген ұлттық статистика бюросы таратқан ақапаратта.

Туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау (1000 тұрғынға 24,80 адам), Түркістан (24,78) облыстарында және Шымкент қаласында (23,55) байқалды. Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан (1000 тұрғынға шаққанда 11,77), Шығыс Қазақстан (11,36) және Қостанай облыстарында (10,16) байқалыпты.  Бұл осы облыстар халқының жас құрылымымен байланысты жағдай.

Сонымен қатар алғашқы жарты жылдың ішінде 57,5 ​​мың неке қиылып, 18,6 мың ажырасу тіркелді.

«2024 жылдың қаңтар-маусым айларында республикаға келгендер саны 14256 адамды, елден кеткендер саны 6967 адамды құрады. 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 4,4%-ға, Қазақстаннан кеткендер саны 0,4%-ға азайды. Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүрді», – делінген мәліметте.

Ел ішіндегі көші-қон 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,7 есе артыпты. Өңіраралық қозғалыстар бойынша халықтың көші-қонының оң сальдосы еліміздің 4 өңірінде: Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Алматы облысы байқалды.

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанда баласы өз анасын ұрып өлтірді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x