СҚО-да әр гектардан орташа 17 центнерден астық жинауда

СҚО-да күн райының ашылуына байланысты, орақ науқаны қыза түсті. Жауынсыз болған бірнеше күн ішінде шаруалар 150 мың гектар алқаптағы егінді орып үлгерген, деп жазады Qazaqstan Media.

Өңір диқандары 590 мың гектар жердегі астықты бастырып үлгерді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биыл орташа өнімділік гектарынан 17,3 центнерді құрап отыр. Бұл былтырғыдан біршама жақсы нәтиже. 2023 жылы шаруалар әр гектардан орташа 12 центнерден ғана астық жинаған болатын.

Бүгінгі күні облыстағы элеваторларға 180 мың тонна дән жеткізілген. Оның 93 мың тоннасы бидай. Дәнді дақылдардың жартысына жуығы үшінші сыныпқа жатады. Биыл жауын-шашынға байланысты қабылдау пунктеріне ылғалды астық  жеткзіліп жатыр. Оны кептіру үшін қосымша шығын кететіні анық. Осыны ескере отырып, үкімет алғаш рет төмендетілген бағамен бес мың тонна сұйытылған газ бөлді. Арзан бағадағы газды Солтүстік Қазақстан диқандары да алды.

«Өңірде барлығы 46 элеватор және 332 астық қабылдау пункті бар. Олар қабылдай алатын астық көлемі 6,9 млн тоннаны құрайды. Биыл кептіру үшін сұйытылған газды алғаш рет төмендетілген бағамен бөлді. Біздің облыс үшін мың тонна қарастырылған. Өңірдің 59 астық қабылдау пункті газбен жұмыс істейді. Сонымен қатар, элеваторлар 20 мың тонна дизель отынын алады. Ол үшін қазір өтінімдерді қабылдау басталып жатыр», — деді СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев.

Естеріңізге сала кетейік, биыл өңір диқандары 4,4 млн гектар жерге егін еккен болатын. Күзгі жиым-терім жұмыстарына жеті мың агротехника жұмылдырылған.

Тағы оқыңыз: СҚО-да мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы ауысты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x