Террористік тұрғыдан осал нысандардың қорғалу деңгейі полицияның ерекше бақылауында. Өткен жылы антитеррористік қауіпсіздікті қамтамасыз етпегені үшін полицейлер әлеуметтік нысандардың 14 басшысын 100-ден 500 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде елеулі айыппұлдарға тартты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Террористік тұрғыдан осал нысандардың қорғалу деңгейі полицияның ерекше бақылауында. Өткен жылы антитеррористік қауіпсіздікті қамтамасыз етпегені үшін полицейлер әлеуметтік нысандардың 14 басшысын жауапкершілікке тартты. Оларға 100-ден 500 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынды.
Анықталған бұзушылықтардың басым бөлігі бейнебақылау жүйелеріндегі кемшіліктерге қатысты. Атап айтқанда, бейнекамералардың жұмыс істемеген, сондай-ақ бейнеақпараттың облыстық полиция департаментінің жедел басқару орталығына тіркелмеген. Сонымен қатар, барлық нысан басшылары персоналды дағдарыстық жағдайларда әрекет ету тәртібіне оқытуға жеткілікті көңіл бөле бермейді.
«Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әрдайым практикалық және әдістемелік көмек көрсетуге, адамдар көп жиналатын нысандардың персоналына арналған оқыту сабақтарын өткізуге дайын. Бұл жұмыстар террористік актілердің алдын алуға, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, сондай-ақ төтенше жағдайлардың ықтимал салдарын барынша азайтуға бағытталған», — деп мәлімдеді СҚО ПД баспасөз қызметі
Тағы оқыңыз: Тоқаев: Конституция цифрлық дәуір талаптарына сай болуы тиіс

