Қазақстанда 2019 жылдан бері «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды. Бұл бағытта облыста ауқымды жұмыс атқарылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Басты мақсат — ұстаздардың қоғамдағы рөлін арттыру, әлеуметтік қолдау көрсету және саланың дамуына жағдай жасау. Қажырлы еңбек еткен педагогтарға бірқатар марапат қарастырылған.

Соның бірі — «Солтүстік Қазақстан облысының үздік педагогы» атағы. Үздік атанған жанға 300 АЕК көлемінде сыйақы беріледі. Сондай-ақ, білікті мамандар «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атанып, «Мағжан Жұмабаев» төсбелгісімен марапатталады.

«Біржолғы көтерме жәрдемақы — 100 айлық есептік көрсеткіш. Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға арналған бюджеттік кредит сомасы — АЕК-тің 100 еселенген мөлшеріне дейін, мерзімі — 15 жыл. Ал жылдық сыйақы мөлшерлемесі 0,01 пайызды құрайды», — деді СҚО білім басқармасының басшысы Айнагүл Сұрағанова.

Жас мамандарды ауылдық жерге тарту қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Облыста бұл жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Көрсетіліп жатқан қолдау мөлшері да аз емес.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы берілетін жәрдемақы — 100 АЕК. Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға арналған бюджеттік кредит сомасы — айлық есептік көрсеткіштің 100 еселенген мөлшеріне дейін. Мерзімі — 15 жылға дейін. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі 0,01 пайызды құрайды», — деді спикер.

Қазіргі таңда облыстағы білім беру жүйесінде 16 мыңға жуық педагог жұмыс істейді. Оның 12 мыңға жуығы жалпы орта білім беру жүйесінде еңбек етеді.

Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандық 25 жігіт әскерге аттанды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *