Ақжар ауданында 46 жастағы тұрғын мас күйінде тіркелмеген скутермен жүрген. Құқық бұзған азамат 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

СҚО-да 12-14 қыркүйек аралығында «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасы өтті. Бұл күндері қоғамдық тәртіп пен жолдағы қауіпсіздік қатаң бақылауда болды. Үш күннің ішінде өңірде қоғамдық орындарды масаң күйде жүрген 180 адам анықталды. Ішімдік ұрттап алып, рөл тізгіндеген 18 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай оқиғалардың бірі Ақжар ауданында болды. 46 жастағы тұрғын масаң күйде «Racer» маркалы скутерді айдаған. Жергілікті полицейлер құқық бұзған жанды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Тиісінше ол, 20 тәулікке қамауға алынды.

«Сонымен қатар, науқан кезінде 63 жасөспірімнің түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз көшеде жүргені анықталды. Одан қалды, көші-қон заңнамасын бұзудың 25 дерегі тіркелді»,- деді СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Петропавлда отбасылық отырыс адам өлімімен аяқталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *