Солтүстік Қазақстан облысында жаздың бірінші айы ерекше ылғалды болды. Маусым айында орташа есеппен 49,2 миллиметр жауын-шашын түскен.Бұл шөптің қалың шығуына жақсы, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жауын-шашынның көп түсуі топырақтың ылғалдылығын арттырып, шөптің қарқынды өсуіне зор септігін тигізді. Биыл облыста 392 мың гектар алқапқа мал азығы егілген. Бұл — былтырғы жылға қарағанда 37,9 мың гектарға артық.

Оның ішіндегі 109,5 мың гектары — біржылдық шөптер, 9,6 гектары — көпжылдық шөптер және 30 мың гектардан астамына жүгері отырғызылған.

Қыстың қамын, жазда ойлаған теріскейлік шаруалар маңызды науқанға мықтап кіріскен. Облыстағы мал басының саны 529 мыңды құрайды. Оның жартысынан астамы — серіктестіктерге тиесілі.

«Облыстағы төрт түлікті азықпен қамтамасыз ету үшін биыл 940 мың тонна шөп, 867 мың тоннадан астам сабан мен 818 мың тонна жем дайындау қажет. Сондай-ақ, 278 мың тонна пішендеме мен 237 мың тонна сүрлем әзірленбек»,-делінген облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары редакцияға берген мәліметінде.

Айта кету керек, теріскейлік шаруалар маңызды шаруаның 30 пайызын аяқтады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да биыл 560-қа жуық азамат мас күйінде көлік тізгіндеген

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *