Солтүстік Қазақстанда қаза болған салық қызметкерінің отбасына мемлекетттік орган 34 млн теңгедене артық ақша төлейтін болды. Мұндай шешімді Петропавл қалалық №2 соты шығарды, деп жазады Qazaqstan Media.
Қаза болған салық органының қызметкерінің артында кәмелетке толмаған үш баласы қалған. Сондықтан марқұмның жұбайы мемлекеттік органға біржолғы жәрдемақы төлеу туралы өтініш жазыпты. Алайда оған қаржыландырудың жоқтығы және басқа инстанциялармен келісу қажеттігінен өтініші орындалмаған. Мемлекеттік орган жәрдемақы төлеуден бас тарқан.
Үш баланың анасы осыған байланысты сотқа талап арыз беріп, 58 миллион теңгеден астам сомада төлем талап еткен. Бұл марқұмның соңғы 12 айдағы барлық табысның көрсеткіші.
Іс Петропавл қаласының №2 сотында қаралды. Заң бойынша қаза тапқан қызметкердің отбасының біржолғы жәрдемақы алуға құқығы бар. Ол «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Заңының 20-бабы 5-тармағында көрсетілген.
Оның бірінші тармақшасында «салық органдарының лауазымды тұлғасы қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан жағдайда, оның отбасына немесе асырауындағы адамдарға соңғы атқарған лауазымы бойынша он жылдық ақшалай қамтылым мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді»деп жазылған.
Бұл төлем бюджет қаражатынан жүзеге асырылады. Сот құқық аналогиясын қолданды: марқұмның арнайы шені немесе атағы болмағандықтан, оның ақшалай қамтылымы тек лауазымдық жалақысымен шектелген.
Нәтижесінде талап арыз ішінара қанағаттандырылды. Мемлекеттік орган марқұмның жұбайына қызметкердің он жылдық лауазымдық жалақысы негізінде есептелген 34,8 миллион теңгеден астам соманы төлеуге міндеттелді. Сот шешімі заңды күшіне енді.
Тағы оқыңыз: СҚО-да бір күннің ішінде жол ережесін бұзудың 249 фактісі анықталды