Еліміздің бірқатар өңірінде қар жауып, үсік жүреді. Қазгидромет мамандары дауылды ескерту жариялады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Қазгидромет мамандарының хабарлауынша, 17 сәуір еліміздің бірқатар өңірлерінде күн суытып, үсік жүреді. Солтүстік Қазақстанда жауын-шашынды болады. Кей жерлерде қар жууы ықтимал. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп болжануда. Солтүстік-батыстан жел соғып, оның екпіні 15-20 м/с, ал облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с дейін жетпек.
«Түнде облыстың батысында, солтүстігінде аяз болып, ауа температурасы -3 градусты көрсетпек. Ал Петропавлда жауын-шашынды болады. Кей жерлерде қар жауады деп күтілуде. Солтүстік-батыстан жел соғып, оның екпіні 15-20, кей жерлерде 25 м/с дейін жетеді», — делінген ақпаратта.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда бала туу мен оның күтіміне 221 млрд теңге жәрдемақы төленген