СҚО-да құрылысы 3,5 жылға созылған хоккей корты пайдалануға берілді

Солтүстік Қазақстанда 2022 жылы тапсырылуы тиіс хоккей корты жуырда ғана халық игілігіне берілген. Ал оның құрылысына 110 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл ауылында құны 111,4 млн теңгені құрайтын хоккей корты 2022 жылдың қаңтар айында халық игілігіне берілуі тиіс еді. Алайда жауапсыз мердігер компанияның кесірінен іс 3,5 жылға созылған.  

«Аквабилд» ЖШС құрылыс мерзімін бірнеше рет бұзған. Сол себепті тапсырыс беруші серіктестікпен шартты бұзды. Нәтижесінде жаңа мердігер анықталып, құрылысты Sport Equipment компаниясы жалғастырды», — делінген Солтүстік Қазақстан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Тағы оқыңыз: Туысы үшін дауыс бермекші болған: СҚО-да референдум учаскелерінде осындай жағдайлар тіркелген

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x