Тұрмыстық зорлық-зомбылық, сталкинг және ұл-қыздар арасындағы жанжалдар. Бұлардың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында қоғамдық даму және ақпарат орталығы мамандары мен полицейлер бірлескен акция ұйымдастырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Іс-шара Қазақстан Конституциясы көшесі бойында өтті. Оның барысында тұрғындарға ақпараттық жадынамалар таратылды. Қағазда тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау, сталкингтің қауіптілігі және кәмелетке толмағандар арасындағы жанжалдың салдары туралы жазылған.
Сонымен қатар, азаматтарға өз құқықтарын білу, заң аясында көмекке жүгіну жолдары және сенім телефондары туралы мәлімет берілді. «Халық өз құқығын жатқа білсе, өңірде құқықбұзушылықтардың саны азаяр еді», — дейді Гүлбақыт Байбосынова.
«Көп адамдар өздерінің құқығын білмей жатады. Әсіресе, оқушылар үндемей қалады. Қоғамның сауатын арттыру мақсатында осындай іс-шара өткізіп отырмыз. Әрбір адам өз-өзін қорғай білуі қажет», — деп қосты спикер.
Тағы оқыңыз: Ораза пітір садақасының мөлшері белгілі болды

