СҚО дәрігерлері инсульт алып, үйінде құлап қалған қарияны құтқарды

Петропавлда 90 жастағы қария көпбейінді қалалық ауруханаға ауыр халде түскен. Әжеймен еріп келген туыстары оны үйінде құлап жатқан жерінен тауып алған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Дәрігерлер қарияны бірден тексеріске алды. Қан қысымын өлшеу кезінде, ауыр гипертензияны анықтаған. Пациентті невропатолог, жалпы тәжірибе дәрігері және реаниматолог қарап-тексерді. Мидың компьютерлік томографиясы ми қан айналымының жіті бұзылғанын анықтады. Пациент алғашқы симптомдар пайда болған сәттен бастап үш сағат ішінде басталған тромболитикалық терапияны жүргізу үшін реанимация бөлімшесіне жатқызылды. Бұл инфаркт көлемін азайту және неврологиялық болжамды жақсарту үшін өте маңызды.
Пациент келесі күні мамандардың бақылауымен одан әрі емдеу үшін инсульт орталығына ауыстырылды. Қазіргі кезде қария амбулаториялық ем қабылдап, инсульттан кейінгі оңалту емшараларын алуда.

Тағы оқыңыз: 2027 жылға дейін елімізде 2 млрд көшет отырғызылуы керек

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *