СҚО ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы келді

СҚО әкімінің өкімімен Дәурен Токужинов облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды. Ол осыған дейін Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

37 жастағы Дәурен Токужинов Солтүстiк Қазақстан облысының тумасы. 2009 жылы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiн «Қаржы бакалавры», 2012 жылы А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетiн «Заңтану» мамандығы бойынша бiтiрген.

Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Ол түрлi лауазымдарда жұмыс iстедi. 2017 жылдан 2021 жылға дейiн облыстық кәсiпкерлiк және туризм басқармасы басшысының орынбасары және Мамлют ауданы әкiмiнiң экономика және қаржы мәселелерi жөнiндегi орынбасары лауазымдарын атқарды.

Ал 2021 жылғы 11 ақпанда Мағжан Жұмабаев ауданы әкiмiнiң ауыл шаруашылығы жөнiндегi орынбасары болып тағайындалды.

Айта кетейік, осыған дейін облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасын Мейрам Меңдібаев басқарған болатын. Ол бір ай бұрын Айыртау ауданының әкімі болып тағайындалды.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық оқушылар күзгі каникулда жеті күн демалады

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x