Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі СҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол әлеуметтік салаға жауап беретін болады, деп жазады Qazaqstan Media.

Жүсіп Жұмағұлов — Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. 1992 жылы Алматыда туған.

KIMEP, Nazarbayev University М. Нәркібаев атындағы қазақ ұлттық заң университетінің түлегі.

Еңбек жолын 2015 жылы «Астана — жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын әкімшілендіру басқармасында бастаған.
Ал 2015 жылдың соңында Астана қаласының инвестициялар және даму басқармасы инновация және инвестициялар бөлімінің бас маманы атанды.

2016-2018ж — Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы басшысының орынбасары, кейін аталмыш орталыққа басшы болды.

2018 жылдың тамызынан 2019жылдың аяғына дейін – Астана қаласының қоғамдық даму істері басқармасында басшысының орынбасары болып еңбек етті.

Ал 2020 жылдың басынан 2022 жылға дейін Нұр-сұлтан қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары болды.

2022 жылғы ақпаннан 2023 жылғы сәуірге дейін — Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі, 2023 жылдың сәуір айынан осы тағайындауға дейін Астана қаласы Нұра ауданының әкімі болып қызмет еткен.

Тағы оқыңыз: СҚО-да соңғы үш айда COVID-19 тіркелген жоқ

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x