Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Кеңесов әлеуметтік желі арқылы үндеу жасады. Ол тұрғындарға өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырды, деп жазады Qazaqstan Media.
Нұрлан Кеңесов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында төтенше жағдайлар бағыты бойынша күнде жағымсыз жаңалық тіркеліп жатқандығын жазды. Ол өрт сөндірушілердің жоғары дайындықпен жұмыс істеп жатқандығын жеткізді. Соған қарамастан, облыста күн сайын үйлерден өрт шығуда.
«От шығудың басты себебі-пеш. Пешті қараусыз қалдырмаңыздар. Балаларды жалғыз қалдырмаңыздар. Өкінішке орай, адамдардың, балалардың қаза болу фактілері тіркеліп жатыр»-деп жазба қалдырды ол.
Айта кетейік, демалыс күндері Қызылжар ауданында екі өрт тіркеліп, бір бала мен ер адам қаза тапты.
Тағы оқыңыз: Ольшанкадағы өрттің алдын ала себебі белгілі болды


