СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов аудандар мен Петропавл қаласы әкімдеріне өрттің алдын-алу бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Бұл жайында аппарат отырысында айтылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиында көтерілген мәселенің бірі жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігіне қатысты болды. Аймақ басшысы өрт сөндіру гидранттарының жұмысқа жарамдылығын және техниканың дайындығын тексеруді тапсырды.
«Аудандар мен Петропавл қаласының әкімдеріне құрғақ шөп пен қамысты дер кезінде шабуды тапсырамын. Өрттің алдын алу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуі керек. Жеке үйлерді тексеріп, халықтың әлеуметтік осал топтарын өрт хабарлағыштарымен жабдықталуын қамтамасыз ету қажет», — деді СҚО әкімі.
Тағы оқыңыз: Жанармай бекетіндегі өрттен зардап шеккен адамның денесінің 95%-ын күйік шалған