СҚО әйелдер үшін еліміздегі ең нашар аймақтардың бірі

Гендерлік саясат статистикаларын зерттеу барысында қазақстандық әйелдердің қаншалықты қолайлы әрі тең қоғамда өмір сүріп жатқаны тексерілді. Ол үшін жалақы айырмашылығы мен әйелдердің кәсіптегі үлесі және білім мен ғылымдағы орны қарастырылды. Осы  факторлар бойынша әйелдер үшін өмір сүруге қолайлы және қолайсыз өңірлердің рейтингін жасады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі Stan.kz медиа-порталына сілтеме жасап.

Алдымен жалақы айырмашылығы.

Ұлттық статистика бюросы келтірген дерекке сәйкес, Қазақстанда ер адамдар әйелдерден 21,7% көп жалақы алады. Яғни, ерлердің орташа жалақысы – 281 мың 239 теңге, ал әйелдердікі  – 220 мың 160 теңге. Алайда әр өңірде жағдай әртүрлі.

Ең үлкен жалақы айырмашылығы – Атырау мен Маңғыстау облыстарында, онда жалақы айырмашылығы 2 есеге жуықтайды. Атырау облысында ерлер әйелдерден 222 мың теңге, Маңғыстауда 190 мың теңге көбірек ақша алады. Ал Қарағанды облысында жалақы айырмашылығы – 77 мың теңге.

Алматы облысында ғана әйелдер ерлерден көбірек айлыққа ие, яғни орташа табыс 7000 теңгеге көп.

Ал Солтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарында айтарлықтай жалақы айырмашылығы жоқ, айлықтары шамалас.Солтүстік Қазақстандағы әйелдер өңір бойынша ең аз жалақы алады, олардың орташа табысы – 187 мың теңге.

Бизнестегі әйелдер үлесі

Қазақстандық 1 миллион әйел шағын және орта бизнеспен айналысады. Әйелдердің бизнестегі үлесі 33%.

Кәсіпкер әйелдер саны бойынша үш мегаполис көш бастап тұр. Ал олардан кейінгі орында – Қарағанды облысы. Ал Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпкер әйелдер өте аз.

Білім және ғылым

Ұлттық статистика бюросының соңғы деректеріне сай елде жоғары білім алған қыз-келіншектер саны ерлерден 4% көп. Сондай-ақ әйелдердің ғылымдағы үлесі – 54,5%.

Зерттеумен айналысатын ең көп әйелдер үлесі – Павлодар мен Ақмола облыстарында. Онда зерттеуші-мамандардың 62%-ы – әйелдер. Одан кейін Қызылорда мен Қарағанды (58%), Алматы, Маңғыстау, Ақтөбеде (56%) көп.

Ал өңір бойынша әйелдер үлесі Солтүстік Қазақстан мен Түркістанда, Атырауда аз. Онда әйелдер ғалымдардың 40, 41, 42%-ына тең.

Осы критерийді саралай келе, әр өңірге баға беріп, жалпы балы шығарылды. Нәтижесінде, әйелдерге  тиімсіз өңірлер – Қостанай, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облысы екені анықталған.

Тағы оқыңыз:Қазақстанда мемлекет тарапынан жалға берілген пәтерді жекешелендіруге болады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x