СҚО қан орталығы тұрғындарды сүйек кемігінің әлеуетті доноры болуға шақырады

Солтүстік Қазақстан облыстық қан орталығы 20-шы қарашада ел көлемінде өтетін «Өзіңіздің генетикалық егізіңізді табыңыз» марафонына қатысуға шақырады.  Ол сүйек кемігінің әлеуетті доноры ұлттық тіркеліміне кіруге мүмкіндік береді, деп жазады Qazaqstan Media.

Марафонға сүйек кемігінің әлеуетті доноры боламын деген 18 бен 45 жас аралығындағы дені сау кез келген азамат қатыса алады. Ол алдымен сауалнама толтырып, келісімге қол қояды. Кейін орталықта қан тапсырады.

«Донор болу үшін адам түрлі жұқпалы аурулармен науқастанбаған болуы керек. Химиялық, сәулелік ем қабылдағандар донор бола алмайды. Біз алынған қан үлгісін Астанаға жібереміз. Донор бірден ұлттық тіркелімге кіргізіледі. Оған сертификат беріледі.  Сүйек кемігі бар науқас адаммен сәйкестік болуы да, болмауы да мүмкін. ДНК арқылы сәйкестік 10 мың адамға бір адамнан келеді. Егер сәйкестік болып жатса, донорға хабарласамыз, кейін қайтадан келісім алып, қан тапсырады. Бұл туыстық емес донор деп аталады», — деп түсіндірді қан орталығының терапевт дәрігері Евгения Захарова.

Сүйек кемігінің доноры болу арқылы  онкогематологиялық аурулары бар адамдарға көмектесуге болады. Ол қан қатерлі ісігі – лейкемия, апластикалық анемия, лимфомалар сынды аурулар.  Жыл сайын елімізде мұндай диагноз шамамен 350 адамға қойылады. Оның жартысы балалар екен.

Сүйек кемігінің әлеуметті доноры тізіміне енген жан тек қазақстандық науқастарға ғана емес, шет ел азаматтарына да көмектесе алады екен. Себебі, барлық елдермен ортақ база бар. Қазіргі кезде ел бойынша 12 мың адам ұлттық тіркелімде тұр.  

Біздің өңірде қан тапсырып, науқастың ДНК-сымен  сәйкестік болған. Алайда тұрғындар донор болудан бас тартыпты.

«Донор болу – маңызды қадам. Сондықтан нақты, салмақты шешім қабылдау керек. Өзге елдің науқастары үшін де донор болуға дайын болу керек. Қазақстан бойынша мысалы, бір азамат италиялық науқасқа донор болды, үш тұрғын ресейлік науқасқа донор болды. Сол секілді біз де шет елден донор іздей аламыз. Бірақ өзімізіде донорлық бағытты дамытқан маңызды. Себебі, қазақстандықтар арасында генетикалық егізді табу мүмкіндігі мол», — дейді терапевт дәрігер.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда мәһр деген жойылады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x