Өңірге жұмыс сапарымен ҚР Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина, сенатор Әсем Рахметова, Мәжіліс депутаттары Еркебұлан Мамбетов пен Дмитрий Колода келді. Олар облыстың елді мекендерін аралап, тұрғындармен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылауда, деп жазады Qazaqstan Media.

Бірінші шілдеден демалысұа шыққан депутаттар бірден облыстарды аралауға көшті. Олардың бір тобы Солтүстік Қазақстанға ат басын тіреді. Ауылдарға бармас бұрын халық қалаулылары өңір әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовпен мазмұнды кездесу өткізді. Онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары қаралды. Облыста жүзеге асырылып жатқан негізгі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар, халықты әлеуметтік қолдау шаралары, сондай-ақ СҚО үшін маңызды мәселелер сөз болды.

Депутаттар өңірде болып жатқан оң өзгерістерді атап өтіп, заңнамалық деңгейде жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.
Сонымен қатар, олар бұл күні Аққайың ауданында болды.

Тағы оқыңыз: Қызылжар аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *