[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/44c26dad-734b-403e-9295-aa2cec9973c5-2.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Бүгінгі күні Петропавлда 1073 көпқабатты үй бар. Басым бөлігінде әлі күнге дейін пәтер иелері кооперативі жұмыс істеп тұр. Тұрғын үйдің 367-і ғана мүлік иелері бірлестігін тіркеген. Осы ретте қала әкімі халықпен кездесуде тұрғындардан бұл бағыттағы жұмысты күшейтулерін сұрады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

2023 жылдың 1 шілдесінде Қазақстанда ПИК жұмысын тоқтатады. Осы уақытқа дейін барлық көбқабатты тұрғын үйлер МИБ-ке көшіп үлгерулері қажет. Дегенмен, Петропавлда бұл жұмыс салбыр жүргізілуде. Шаһар басшысы Руслан Аңбаев халықпен кездесу барысында мүлік иелері бірлестігінің ерекшеліктеріне тоқталып, оның маңыздылығы туралы айтып берді.

«МИБ мен ЖМ тек бір көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері мен тұрғын емес үй-жайларының иелерін біріктіреді. Құрамында бөгде адамдар жоқ: барлық шешімдерді тұрғындардың өздері қабылдайды, ал төраға көршілер арасынан таңдалады. Бұрын ПИК-тің құрамында бірнеше үй және олардың бәрінде бір шот болды. Сонымен қатар ақшаны пайдалануда ашықтық болмаған еді. Ал МИБ-те шот бір үйге ашылады және де ол меншік иелерінің басқаруында болады», — деді Петропавл қаласының әкімі Руслан Аңбаев.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x