Еркін күрестен елімізден шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан PWL-8 кәсіпқой күрес турнирінде  Олимпиада чемпионынан жеңіліп қалды. Балуандар 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күрескен болатын, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Алматы қаласында өткен турнирде жерлес спортшы АҚШ балуаны Кайл Снайдермен кездесті. Алты минуттық белдесуде Снайдер 8:0 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, Снайдер бұл күні екі белдесу өткізді. Ризабектен бөлек ол ресейлік Константин Пшеничниковты да жеңген.

Кайл Снайдер – Рио олимпиадасың чемпионы, Токио олимпиадасың күміс жүлдегері, сондай-ақ әлем чемпионатының үш дүркін жеңімпазы. Даңқты балуан Париж Олимпиадасында жүлдесіз қалған.

Ал Ризабек Айтмұқан болса, Қазақстанның еркін күрес шебері. Әлем чемпионаттарында жастар мен ересектер арасында чемпион атанған алғашқы қазақстандық балуан. Оған дейін мұндай биікті елімізде ешкім бағындыра алмаған.

Тағы оқыңыз: СҚО-да дарынды балалар мен ұстаздарды қолдауға арналған семинар өтті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *