Республикалық жолдарда 77 ақау анықталған

Биыл сәуір-маусым айлары аралығында республикалық жолдарды жөндеу кезінде 77 ақау анықталған. Кейбір учаскелер дұрыс жөнделмеген болып шықты. Оларды «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК СҚО бойынша филиалының мамандары тіркеген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қазір жол құрылысының қызған шағы. Сондықтан «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК СҚО бойынша филиалының қызметкерлері бақылау шараларын күшейткен. Биыл сәуір-маусым айлары аралығында мамандар 108 тексеріс жүргізген. Нәтижесінде республикалық маңыздағы тасжолда 77 олқылық анықталды. Оның 25-і өрескел қателікке жатады. Негізінен жолдың көктемгі-жазғы күтімі бойынша ақаулар тіркелген. Филиал өкілдерінің мәліметінше, жөндеу жұмыстары да тиісінше жүргізілмеген. Кей учаскілерде асфальт жабындысының дұрыс төселмегені анықталып, шұңқырлар пайда болған.

«Анықталған олқылықтар бойынша тапсырыс берушілер мен мердігер ұйымға нұсқама хаттар жіберілді. Сондай-ақ, сәуір айынан бастап және маусым айының бірінші онкүндігінде құрылыс материалдарының 262 сынамасы алынды. Олардың  72-сі нормативтік-техникалық құжаттардың нормаларына сәйкес келмейтін болып шықты.  Мұндай фактілер әсіресе ауылішілік және аудандық маңызы бар тасжолдарда тіркелген», — деп таратты «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандық әнші «Жас қанат» байқауының дипломанты атанды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x