Референдум-2024: Өңірлік халықтық штабта 100-ге жуық адам бар

Облыста өңірлік халықтық штаб мүшелері алтыншы қазанда болатын референдумға қатысты түрлі іс-шараларға қатысуда. Өңірлік штабта 100-ге жуық жерлесіміз мүше, деп жазады Qazaqstan Media.

Олар бір күнде бірнеше сала мамандарымен жүздеседі екен. Айалық, бүгін штаб мүшелері Болат Қожахметов пен Татьяна Анцибор Заренчый кентіндегі №13 орта мектептің педагогтарымен кездесу ұйымдастырды. Олар ұстаздарға атом электр станциясы туралы ақпарат беріп, қазан айында болатын рефрендумға қатысуға шақырды.

Референдум-2024: Өңірлік халықтық штабта 100-ге жуық адам бар

«Референдум арқылы президентіміз бізге таңдау құқықығын, өз пікірімізді білдіруге мүмкіндік жасап отыр. Соны мүмкіндігінше пайдалануымыз керек. Референдумға барып, таңдау жасау міндеттіміз. Бұл біздің болашағымыз үшін жасалып жатыр», — деген пікірде өңірлік штабта мүшелік ететін Болат Қожахметов.

Атом электр станциясы алдағы он жылдықта салынады. Ол елдің энергетикалық қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік және технологиялық дамуы үшін маңызды қадам болмақ. Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа екінші қыркүйекте қол қойды. Атом электр станциясын салу елдегі электр энергиясының тапшылығы мәселесін шешетінін баса айтқан болатын. Сонымен қатар қоршаған ортаға зияны болмайды дейді мамандар.

Референдум-2024: Өңірлік халықтық штабта 100-ге жуық адам бар

«Мен өзім педагог болғандықтан, маған әлеуметтік сала мамандарымен тілдескен жеңіл. Алтыншы қазанда болатын референдумның маңыздылығын түсіну керекпіз. АЭС құрылысы туралы айтқан кезде көпшілік одан келетін зиян қандай, апат орын алмай ма, ауа ластанбай ма? деген сұрақтарды қойып жатады. Негізінде АЭС ең қауіпсіз, зиянсыз электр көзі болып табылады. Әлемнің дамыған елдерінде атом электр станциясының бірнешеуі салынған. Көрші Өзбекстанда да құрылысы жүріп жатыр», — дейді өңірлік штаб мүшесі Татьяна Анцибор.


Қазақстанда атом электр станциясының салынуы не салынбауын алтыншы қазан күні халық дауыс беру арқылы шешетін болады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да егін орағы қызған шақта ауыл шаруашылығы басқармасы басшысыз қалды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x