М. Жұмабаев ауданының әкімі ауысты. Енді бұл қызметті Рахат Смағұлов атқармақ. Ол осыған дейін Шал ақын ауданының әкімі болған еді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен, СҚО әкімінің өкімімен Рахат Назымбекұлы Смағұлов Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі болып тағайындалды. Мұндай жаңалықты облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі таратты.
Рахат Смағұлов 1982 жылы 1 шілдеде Ресей Федерациясы, Омбы облысы, Есілкөл ауданы, Қасқат ауылында дүниеге келген.
2004 жылы Омбы мемлекеттік аграрлық университетін «Агрономия» мамандығы бойынша бітірген.
2021 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы Қасқат ауылдық әкімшілігінде бастаған.
Ал 2005 жылы Қазақстанға қоныс аударып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Аққайың аудандық аумақтық басқармасының бас маманы-өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторының міндетін атқарушы болып жұмыс істеген.
Кейін Шал ақын және М. Жұмабаев аудандарының аппаратында еңбек еткен.
Мағжан Жұмабаев ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі бастығының орынбасары, кейін басшысы, аудан әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.
2019 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекция басқармасының бас сарапшысы болып еңбек еткен.
2019 жылғы қарашадан бастап 2020 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы болды.
Ал 2020 жылдың шілдесінен бастап осы тағайындауға дейін Шал ақын ауданының әкімі болып еңбек етті.
Айта кетейік, осыған дейін М. Жұмабаев ауданын Қайрат Омаров басқарған.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда пойыз билеттері қымбаттайды