«Қуаныш» волейбол клубы ел чемпионатының соңғы турларының бірінде елордалық «Астана» командасымен кездесті. Матч жерлестеріміздің пайдасына шешілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Бұл ойын теріскейліктер үшін аса маңызды. Себебі, плей-офф кезеңі алдында турнирлік кестедегі орнымызды нығайту қажет. Сондықтан да волейболшылар бар күштерін салды.
«Қуаныш» ВК қарсыласын ойсырата ұтты. Әр кезеңде 25-13, 25-10, 25-8 есептері тіркелді. Қазіргі таңда теріскейлік волейболшы қыздар 57 ұпаймен екінші орында тұр.
Тағы оқыңыз: Қызылжар ауданындағы Прибрежное ауылында мазмұнды кездесу өтті

