Есіл ауданында өткен маңызды саяси науқан — референдумға қоғамның түрлі саласының өкілдері белсенді қатысуда. Солардың қатарында ауыл шаруашылығы саласының беделді өкілі, «Құрмет» орденінің иегері Руслан Өмірсерікұлы Қозбаев та бар, деп жазады Qazaqstan Media.

Руслан Қозбаев — «Достық» шаруа қожалығының басшысы. Туған жерінің дамуына адал еңбегімен үлес қосып келе жатқан тәжірибелі кәсіпкер. Ол ауыл шаруашылығының қыр-сырын жастайынан меңгеріп, әке жолын лайықты жалғастырып отырған азамат. Көп жылдық еңбегінің арқасында шаруашылықты тұрақты дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашып, ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайының жақсаруына ықпал етіп келеді.

«Құрмет» медалінің иегері Руслан Қозбаев референдумда өз таңдауын жасады
«Құрмет» медалінің иегері Руслан Қозбаев референдумда өз таңдауын жасады

2024 жылы өңірде болған ірі су тасқыны кезінде Руслан Қозбаев зардап шеккен елді мекендерге көмек көрсету жұмыстарына белсене қатысты. Техникамен және адам күшімен қолдау білдірді. Осындай жанқиярлық еңбегі мен азаматтық жауапкершілігі үшін ол «Құрмет» орденімен марапатталған болатын.

Референдум күні Руслан Өмірсерікұлы өз ауылындағы дауыс беру учаскесіне арнайы келіп, бюллетень алып, дауыс берді. Ол мұндай маңызды саяси науқанға қатысу — әрбір азаматтың борышы екенін атап өтті.

«Еліміздің болашағына қатысты шешімдер қабылданатын сәтте бейжай қалмау керек. Әр адамның дауысы маңызды. Біз келешек ұрпақ үшін жауаптымыз», — деді ол.

Осындай белсенді азаматтардың қатысуы елдегі саяси үдерістердің ашық әрі халықтық сипатта өтуіне ықпал етуде.

Тағы оқыңыз: Қарасу округінде тарихи сәт: қандастар алғаш рет дауыс берді  

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *