Университет алғаш рет QS World University Rankings 2026 беделді әлемдік рейтингіне еніп, Қазақстанның 20 жетекші жоғары оқу орнының қатарына қосылды. Сонымен қатар, QS Asia 2025 рейтингінде көрсеткіштерін жақсартып, Орталық Азиядағы үздік 50 университеттің қатарына енді, деп жазады Qazaqstan Media.

Бүгінде университетте шамамен 6500 студент 138 білім беру бағдарламасы бойынша білім алуда. Аризона университетімен (АҚШ) бірлескен бағдарламаларда 1200-ден астам студент оқиды. Ал 29 студент АҚШ-та білім алуға жіберілді. 2025 жылы алғашқы 133 түлек қос дипломды бағдарламалар бойынша оқуын аяқтайды.

Университетте 484 оқытушы жұмыс істейді, соңғы үш жылда PhD дәрежесі бар оқытушылар саны 50%-ға артты. 2024 жылы оқытушылардың орташа жалақысы 27,2%-ға өсті.

Ғылыми-зерттеу саласында қаржыландыру көлемі 2025 жылы 1,3 млрд теңгеден асты, 2026 жылға қарай 3 млрд теңгеге жеткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысындағы су ресурстарын тиімді басқаруға бағытталған ірі ғылыми жоба іске асырылуда.

QS рейтингі: Қозыбаев университетінің жаңа белесі
QS рейтингі: Қозыбаев университетінің жаңа белесі

«Біздің мақсатымыз – өңірдің нақты мәселелеріне бағытталған қолданбалы ғылымды дамыту», – деп атап өтті ректор.

Халықаралық ынтымақтастық аясында университет 20-дан астам елдің жоғары оқу орындарымен серіктестік орнатқан. Студенттер Германия мен Польшада тағылымдамадан өтті, ал оқу процесіне шетелдік ғалымдар тартылуда.

«Біздің мақсатымыз – Қозыбаев университетін Солтүстік Қазақстандағы білім, ғылым және мәдениеттің интеллектуалды орталығына айналдыру», – деді Ербол Исақаев.

Тағы оқыңыз: СҚО спорты: Жыл қорытындысы жария етілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *