Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі ата-аналарға арнайы бейне үндеу жасады. Ол  елімізде қызылша ауруының асқынуына байланысты. Министрдің айтуынша  қызылша «қарапайым балалар инфекциясы» емес. Ол – асқынуы ауыр болуы мүмкін қауіпті жұқпалы аурулардың бірі, деп жазады Qazaqstan Media.

Қызылшаның асқынуы  пневмонияға, нерв жүйесінің зақымдануына және басқа да күрделі салдарға әкелуі мүмкін. Әсіресе ерте жастағы балалар осал келеді. Министр өз үндеуін ана ретінде де, дәрігер ретінде де жолдап отырмын, деді. Сонымен қатар,  Денсаулық сақтау министрлігі бірқатар шара қабылданғанын атап өтті.

«6-10 айлық балаларға қосымша иммундау басталды, екпені өткізіп алған балаларды вакцинациялау ұйымдастырылды, профилактикалық жұмыс күшейтілді. Қазіргі таңда сырқаттанушылықтың өсу қарқынының төмендеуі байқалады, дегенмен жағдай баршамыздың ортақ жауапкершілігімізді талап етеді.

Сенімді қорғанудың жалғыз жолы – вакцинациялау. Оның қауіпсіздігі мен тиімділігі көпжылдық тәжірибемен дәлелденген. Сіздерді дәлелді медицина қағидаттарына және мамандардың ұсынымдарына сүйенуге шақырамын. Балаңызға екпе жасату арқылы сіз тек өз балаңызды ғана емес, өзге балаларды да қорғайсыз», — деді Ақмарал Әлназарова.

Денсаулық сақтау министрі ата-аналарды балалардың денсаулығына бейжай қарамай, екпені уақытылы алуға шақырды.

Тағы оқыңыз: Уәлиханов ауданында «жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі» акциясы өтті: көрнекі сабақ және жүргізушілерге ыстық шай

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *