Қозыбаев университетінде күкіртті қайта өңдеу бойынша тың жоба жүзеге асырылады
Қозыбаев университетінің командасы ҚР ҒЖБМ делегациясының құрамында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Асхат Хасеновпен кездесті. Алдағы уақытта білім ордасында тың жобалар жүзеге асырылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Бүгінде ең ірі ұлттық мұнай-газ компаниясы ғылыммен байланысын жүйелі түрде нығайтуда. Шарада геология, кен орындарын игеру және мұнай-газ химиясын, 80-ге жуық ғылыми саланы қамтитын жол картасы әзірленді. Қазірдің өзінде 35 жетекші университетпен ынтымақтастық орнатылған. Қозыбаев университеті үшін Аризона университетінің ғалымдарымен бірлескен күкірт құрамдас полимерлерді әзірлеу жобасын талқылау өте маңызды.
Қозыбаев университетінде күкіртті қайта өңдеу бойынша тың жоба жүзеге асырылады
«Қазақстанның күкірт қоры мол. Cондықтан біз бұл ресурсты құны жоғары өнімге айналдырудың жаңа тәсілін қалыптастырып жатырмыз. «University of Arizona» және «Kozybayev University» мамандарымен серіктестік озық ғылыми әзірлемелерге жол ашып, зерттеуден бастап кадр даярлауға, шешімдерді пилоттық енгізуден оларды ауқымдандыруға дейінгі толыққанды экожүйе құруға мүмкіндік береді. Жаңа материалдар мен тыңайтқыштардан бастап металл өндіру технологияларына дейінгі кең ауқымда қолданылатын бұл жоба күкіртті қайта өңдеудің экологиялық мәселелерін де қатар шешеді», — деді ҚР ҒЖБМ Саясат Нұрбек.
Жобаны үш бағытта жүзеге асыру жоспарланған: күкірттен жоғары технологиялық пластмассаларды өндіру, инновациялық тыңайтқыштар және кеннен қалдық бағалы металдарды алу үшін күкіртті пайдалану. Әлемге әйгілі ғалым Джеффри Пьюн бастаған халықаралық зерттеушілер тобы балқытылған күкіртті полимерлерге және инфрақызыл линзалар, литий-күкірт батареясының компоненттері, коррозияға қарсы жабындар және баяу бөлінетін тыңайтқыштар сияқты жоғары құнды өнімдерге айналдыратын озық керівулканизация технологиясын әзірледі. Технология 11 патентпен қорғалған, 50-ден астам ғылыми басылымдармен расталған және айтарлықтай коммерциялық әлеуетке ие.
Біздің еліміз үшін бұл жоба ерекше өзекті. Себебі Қазақстан жылына шамамен 4,3 млн тонна күкірт өндіріледі, әлемде 7-ші орында. Дегенмен, күкірттің артық жиналуы, экологиялық қауіп тудырады.