Қозыбаев университетінде Манаш Қозыбаевтың 95-жылдығына орай және Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында екі кабинет ашылды. Кабинеттер білім ордасының алтыншы корпусында орналасқан, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бұл бастама гранттық қаржыландыру жобасы аясында жүзеге асырылып отыр. Аталған жоба университеттің ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыруға және өңір тарихын терең зерделеуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.
 
Алғаш болып «ХХ ғасыр басындағы Қызылжар байлары» атты тарихи кабинетінің таспасы қиылды. Жаңа тарихи кабинет ғалымдарға, оқытушыларға және білім алушыларға архивтік құжаттармен жүйелі түрде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мұнда Солтүстік Қазақстан өңіріндегі байлардың әлеуметтік-экономикалық рөлі, олардың қазақ қоғамындағы орны мен ықпалы, сондай-ақ ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі тарихи үдерістер жан-жақты зерттеледі.
 
«Бүгінгі таңда «Солтүстік Қазақстандағы байлар: қоғамдағы орны, әлеуеті және шаруашылықтарының тәркіленуі» тақырыбындағы жобамыз аясында бес қызметкер зерттеу жұмысын жүргізуде. Жобаның мақсаты- Солтүстік Қазақстандағы бай отбасыларының тізімін анықтау, жапа шеккен отбасылардың тағдырын зерттеу. Сонымен қатар олардың қоғамдық даму үдерістеріндегі маңызды рөлін ғылыми негізде көрсету», – деді жоба жетекшісі Әсемгүл Темірханова.
 
Келесі кабинет «Шекара маңындағы өңірлердің азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы стратегиялық зерттеулер орталығы» деп аталады. Жобаға Марина Онучко жетекшілік етті. Зерттеу кабинетінде ғалымдар, саясаттанушылар және білім алушылар талдаудан өткен материалдармен жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Арнайы кабинет стратегиялық талдау жүргізуге, азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы бағдарламаларды әзірлеуге арналған.

Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандық велоспортшылар ел чемпионатында топ жарды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *