Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын атады. Статистикалық мәліметке сәйкес, халық саны 20 532 240 адам болды, деп жазады Qazaqstan Media.
Бұған дейін Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 518 005 адамға жеткенін хабарлаған болатын. Жыл басынан бері қазақстандықтар саны 32 418 адамға өсті. Сонымен қатар қалалықтардың қатары қалыңдап келеді — 13 120 922 адам. Ал ауылдарда — 7 411 318 қазақстандық тұрады.
Алматы қаласы мен Түркістан облысында халық ең көп шоғырланған, екі миллионнан асады.Олардан кейін миллионнан астам тұрғыны бар Астана, Алматы, Шымкент,Жамбыл жәрне Қарағанды облыстары тұр.
Ал, Солтүстік Қазақстан,Ұлытау және Абай облыстары халқы аз өңірлер қатарында.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда бидай алқабы қысқарып, жемдік және майлы дақылдар көбейеді

