Бұдан былай Қазақстанда қоғамдық орындарды ластағандарды әкімдіктер жазалай алады. Түзетулер өткен жылдың соңында енгізілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media «Тengrіnews» порталына сілтеме жасап.

Бұған дейін қазақстандықтарға қоқыс тастағаны үшін тек полиция қызметкерлері ғана айыппұл сала алатын. Алайда жуырда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 434-2-бабына өзгеріс енгізіліп, әкімдіктерге осындай құқық бұзушылықтар үшін жаза қолдану құқығы берілді. Тиісті заңға Мемлекет басшысы өткен жылдың 30 желтоқсанында қол қойған.

«ӘҚБтК-нің 434-2 және 505-баптары бойынша қоғамдық орындарды ластау және абаттандыру қағидаларын бұзу деректері үшін Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен барлық облыстардың әкімдіктеріне әкімшілік хаттама толтыру құқығы берілді», – деп хабарлаған еді Экология министрлігі.

Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылы мұндай құқық бұзушылықтар үшін 591 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылған. 189 мыңнан астамы – қоғамдық орындарды ластағаны үшін;
403 мыңнан астамы – абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 5,2 миллиард теңгені құрады.

ӘҚБтК-нің 434-2-бабына сәйкес, қоғамдық орындарға қоқыс тастағаны үшін 10 айлық есептік көрсеткіш (43 250 теңге) мөлшерінде айыппұл немесе 40 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар қарастырылған. Қайталанған жағдайда – 20 айлық есептік көрсеткіш (86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл немесе 80 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар тағайындалады.

Тағы оқыңыз: Паралимпиадада ел намысын қорғайтын жеті спортшының төртеуі — солтүстікқазақстандық

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *