Ағымдағы жылы күшіне енген жаңа Салық кодексіндегі негізгі өзгерістердің бірі — көлік иелерінің жылжымалы мүлік үшін салықты аз төлеуі. Бұл жаңашылдық темір тұлпар тізгіндеген жандарды қуантқаны анық, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Дәлірек айтсақ, енді мемлекет қазынасына аударылатын ақша көліктің шыққан уақытына және қозғалтқыш көлеміне қарай тағайындалады. Бір сөзбен айтқанда көлік салығы азаяды.

Қазақстанда көлік салығы азаяды
Қазақстанда көлік салығы азаяды

«Жаңа Кодекске сәйкес, пайдалану мерзімі 10 жылдан асатын жеңіл автокөліктер үшін салықты 30%-ға азайтатын түзету коэффициенттері енгізілді. Өңірде мұндай мүліктің үлесі — 80%. Ал пайдалану мерзімі 20 жылдан асатын көліктер үшін салық 50%-ға төмендетіледі. Аймақта осы санатқа енетін автомобильдердің үлесі 60% құрайды», — деді СҚО бойынша МКД басқарма басшысы Наталья Некрасова.

Сонымен қатар, қозғалтқыш көлемі 3-тен 4 текше литрге дейінгі, 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есепке қойылған жеңіл автокөліктерге арналған салық мөлшерлемелері 3 еседен астам төмендетілді. Нақтылай түсейік. Қолданыстағы заңға сәйкес, тұлға шамамен 285 мың теңге төлейді. Енді бұл мөлшерлеме 65 мың болады.

«Сонымен қатар, шаруа және фермер қожалықтарын қолдау мақсатында бұрыннан бар жеңілдіктерге қосымша ретінде, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл тұлғалар бір пикап автокөлігі үшін көлік салығын төлеуден босатылады. Айта кету керек, әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарға — ардагерлерге, мүгедектігі бар адамдарға, көпбалалы аналарға — бір автокөлік бойынша салықтан босату жөніндегі қолданыстағы жеңілдіктер сақталады. Жеке тұлғалар үшін жыл сайынғы көлік салығын төлеу мерзімі өзгерген жоқ, — деді спикер.

Тағы оқыңыз: СҚО-да боранды күні 131 адам жылыту пунктіне жеткізілді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *