1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі 1-сәуірден 27-мамырға ауыстырылды. Оқу-ағарту министрлігі өткен жылдардағы тәжірибені зерделей келе, осындай шешім қабылдады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп жазады Qazaqstan Media.

Өзгеріс құжат қабылдауды тиімді әрі сапалы ұйымдастыру және оқу процесіне кедергі келтірмеу мақсатында жасалған.

«Биыл құжат қабылдау 27 — мамыр, сәрсенбіден басталып, 31 — тамызға дейін жүргізіледі. Қазіргі таңда база бірнеше мәрте тесттен өтіп жатыр, ата-аналар үшін барынша қолайлы жағдай жасалды, оны қосымша таныстыратын боламыз», — деді министр.

Тағы оқыңыз: СҚО-да әр үшінші қылмыс мас күйде жасалады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *