БҰҰ бөлімшесі жариялаған World Happiness Report баяндамасының нұсқасы бойынша Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 10 сатыға көтерілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media, tengrinews.kz сілтеме жасап.

Қазақстан (147 елдің ішінде) 33-орынға тұрақтады, ал бір жыл бұрын 43-сатыда болатын. Қазақстан ТМД елдері арасында ең үздік нәтиже көрсетті. Бақыт рейтингінде бізден кейінгі орындарға мына мемлекеттер жайғасқан: Өзбекстан (53-орын), Қырғызстан (66), Молдова (77), Ресей (79).  Украина 111-орынды, Литва 28-орынды, Латвия 48-орынды, ал Эстония 46-орынды иеленді.

Финляндия тоғызыншы рет әлемдегі ең бақытты ел деп танылды. Одан кейін Исландия, Дания, Коста-Рика және Швеция тұр. Сондай-ақ алғашқы ондыққа Норвегия, Нидерланды, Израиль, Люксембург және Швейцария кірді. АҚШ 23-орынға табан тіреді.

Ауғанстан бір жыл бұрынғыдай ең бақытсыз ел ретінде танылды. Тізімнің соңында Зимбабве, Ботсвана, Йемен және Ливан да бар.

World Happiness Report рейтингі жыл сайын 20 наурызда атап өтілетін Халықаралық бақыт күніне орай жарияланады. 

Зерттеу 140 ел мен аумақтан жиналған 100 мыңға жуық адамның жауабына негізделген.  

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *