Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның екінші отырысы өтіп жатыр. Онда Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Президентке қандай лауазым иелерін тағайындау құқығын беру ұсынылып отырғанын айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Министрдің айтуынша, Президент мемлекеттің қалыпты жұмыс істеуіне жауапты ең жоғары лауазымды тұлға ретінде маңызды кадрлық шешімдер қабылдауға қатысуы тиіс.

«Осыған байланысты Конституцияда Президенттің Құрылтайдың келісімімен және оның депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен Қазақстан Республикасының вице-президентін, Премьер-министрді, Конституциялық соттың 10 судьясын, Орталық сайлау комиссиясының 6 мүшесін, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палатаның 8 мүшесін тағайындау құқығын бекіту ұсынылады», – деді Ерлан Сәрсембаев.

Сондай-ақ, егер Құрылтай ұсынылған кандидаттарға бір немесе бірнеше рет келісім бермесе, Президентке Құрылтайды тарату құқығын беру көзделіп отыр.

Министрдің сөзінше, мұндай норма саяси күштерді өзара ымыраға келуге және жауапкершілікпен шешім қабылдауға ынталандырады.

«Ұсынылып отырған модель Президент пен Құрылтай арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді. Мемлекет басшысының бастамалары депутаттардың шешуші дауысымен қолдау табуы тиіс. Ең бастысы – барлық тағайындаулар тек Құрылтайдың келісімімен жүзеге асады. Бұл мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттырады», – деді ол.

Тағы оқыңыз: Әлеуметтік желідегі махаббат алаяқтыққа ұласуы мүмкін

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *