Мемлекет басшысы биылғы жыл сот жүйесі үшін айрықша маңызды екенін атап өтті. Себебі, биыл Қазақстан Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толып отыр, деп жазады Qazaqstan Media.
Президент қуатты әрі тәуелсіз сот жүйесінің елдегі заң үстемдігін қамтамасыз етудегі шешуші рөлін ерекше атады. Сот саласындағы реформалардың нәтижесінде 1 шілдеден бастап үш дербес кассациялық сот жұмысын бастайтынын мәлімдеді.
«Әділдікке деген сенім — судьялардың кәсіби біліктілігі мен бейтараптығына тікелей байланысты», — деді Мемлекет басшысы.
Президент судьялар мен сот қызметкерлеріне қажырлы еңбегі мен адалдығы үшін алғыс айтып, барша сала мамандарына денсаулық пен табыс тіледі.
Тағы оқыңыз: Қазақастанда «Салауатты жаз-2025» профилактикалық науқаны басталды