Президент жерлесіміз Шашубай Малдыбаевты 75 жылдық мерейтойымен құттықтады

Петропавлда журналистика саласының ардагері, әнші, композитор Шашубай Малдыбаевтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Армысың, аңыз қалам – Қызылжарым!» атты шығармашалық кеш өтті. Оған жерлесіміздің туған-туысқандары, үзеңгілес достары мен жастар қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Шашубай Малдыбаев 1949 жылы Шал ақын ауданының Ленин ауылында дүниеге келген. Шашубай Ғалымұлы талай жыл «Солтүстік Қазақстан» («Ленин туы») газетінде еңбек еткен.

«Қызылжар қаласында 40 жыл өмір сүрдім. Бес жыл осындағы мектеп-интернатта оқыдым. Қалған 35 жыл осында қызмет еттім. Еңбек жолымды «Ленин туы» қазіргі «Солтүстік Қазақстан» газетінен бастадым. Кейін 10 жыл әкімшіліктие еңбек еттім. Сондықтан туған жеріме деген сүйіспеншілігім, ықыласым ерекше», — дейді меретой иесі Шашубай Малдыбаев.   

Жиынға қатысқандар оның ұйымдастырушылық қабілеттеріне де ерекше назар аударды. Бір кездері ол Петропавлда өткен бірқатар маңызды шаралардың өтуіне мұрындық болған.

Президент жерлесіміз Шашубай Малдыбаевты 75 жылдық мерейтойымен құттықтады

Мерейтой иесін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан кеңесшісі Мәлік Отарбаев құттықтады.

«Әкеңіз Ғалым Малдыбаевтың еңбегін біз жоғары бағалаймыз. Сіздің де сол сара жолды жалғап, руханият саласының дамуына қосқан үлесіңізге зор алғысымызды білдіреміз. Сіздің авторлық жырларыңыз бен әндеріңіз халықтың есінде», — деді ҚР президентінің кеңесшісі.

Кейін ол Шашубай Малдыбаевқа президенттің атынан Алғыс хат пен «Алтын барыс» төсбелгісін табыстады.

Президент жерлесіміз Шашубай Малдыбаевты 75 жылдық мерейтойымен құттықтады

Жерлесімізді облыс әкімінің атынан орынбасары Жүсіп Жұмағұлов та құттықтап, Шашубай Малдыбаевтың иығына шапан жапты.

«Шашубай Ғалымұлы, қазақта «әке көрген оқ жонар» деген ұлағатты сөз бар. Алтынның сынығы болып, өзіңіздің еңбек жолыңызды журналистикаға, ұлттық өнерді дамытуға арнап, салиқалы өмір жолымен жүріп келе жатқан тұлғасыз. Артқа тастаған 75 жылдың жарты ғасырында қаламы қарымды журналист болып, ылғи ізденісте жүріп, халыққа көркем де маңызды, мазмұнды туындыларды ұсынып, қаныңызға біткен талантты таныта білдіңіз. Сіздің публицистикалық еңбектеріңіз, әсем әндеріңіз бен  жырларыңызда ұлттық мәдениет пен болмыстың желі есіп жатады. Сізге зор денсаулық, әулетіңізге қызық-қуаныш тілеймін. Жасай беріңіз», — делінген облыс әкімі жолдаған құттықтау хатта.

Президент жерлесіміз Шашубай Малдыбаевты 75 жылдық мерейтойымен құттықтады

Тағы оқыңыз: СҚО-ға келген Премьер-министрдің орынбасары денсаулық сақтау саласымен танысты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *