Президент: Заңсыз алынып, пайдаланылмай жатқан жер оңтайландырылған рәсім бойынша мемлекетке қайтарылуы тиіс

Қасым-Жомарт Тоқаев жер телімдерін қайтару жөніндегі арнайы комиссия әкімдіктердің ауыл шаруашылығы алқаптарын конкурс өткізбей-ақ беру туралы екі мыңнан астам заңсыз шешім қабылдағанын айтты. Ол заңсыз алынған жерлер мемлекетке қайтарылуы тиіс деді, деп жазады Qazaqstan Media.

Жерге қатысты мәселе солтүстік өңірде де өзекті. Себебі, бірқатар аудан тұрғындары өзгенің қолында заңсыз кеткен жерлерін бірнеше жылдан бері қайтара алмай жүр.

«Президент кезекті жолдауында ең күрделі мәселелердің бірі- жер мәселесіне байланысты өз пікірін білдірді. Біздің облыста да осы мәселе ушығып тұр. Айыртау, Шал ақын аудандарында бұл проблема әлі күнге дейін шешілмей келеді. Жер қолдан қолға өтіп, сатылып кеткен. Президенттің айтуы бойынша, сол жер иелері басқа жерде, тіпті басқа мемлекетте тұрып жердің игілігін көруде. Ауылдың дамуына да ешқандай үлес қосып жатқан жоқ. Ауылдардың жабылу себептерінің бірі — осы. 90-шы жылдары әр азаматқа бөлінген пайлар қайтарылуы керек және де сол ауылдың халқына жұмыс істеуге мүмкіндік беру керек», — дейді қоғам белсендісі Жанат Мұхамеджанов.

Тағы оқыңыз: СҚО-да 2024 жылы 22 млн тал егіледі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x