Президент еркін күрестен әлем чемпионы атанған солтүстікқазақстандық Ризабек Айтмұқанды құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еркін күрестен әлем чемпионы атанған жерлесіміз Ризабек Айтмұқанды құттықтады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі Ақорда Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап. 

«Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқанды Белградта өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында алтын медаль иеленуімен құттықтаймын! Ол қазақ балуандары арасында тұңғыш рет Әлем чемпионы атанды. Бұл – тарихи жетістік. Ризабек Айтмұқанның жарқын жеңісі жас буынның спортқа құлшынысын арттырады деп сенемін», – дейді президент.

Ризабек Айтмұхан Уәлиханов ауданының тумасы. Ол Сербия астанасы Белград қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатының финалда әзербайжандық балуан Осман Нурмагомедовті 4:2 есебімен жеңіп, 92 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды. Осылайша, ол еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанып отыр.

Тағы оқыңыз: Фейк: Азық-түлік корпорациясы бидайдың сатып алу бағасын белгіледі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x