Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент коммуналдық саладағы тарифтер туралы тапсырма берді. Ол инфрақұрылымды дамыту ісін жаңа деңгейге көтеру керек екенін айтты, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының айтуынша, энергетикалық және коммуналдық нысандардың жұмысын жаңа стандарттарға жедел түрде көшіру керек.

«Жылу стансаларындағы апаттар елімізге абырой әпермейді, беделіне нұқсан келтіреді және бұл мемлекеттік қызметшілердің жауапсыздығы мен біліксіздігін көрсетеді. Аймақтарда коммуналдық шаруашылықтағы басшылық орындарда кәсіби мамандар емес, заңгерлер мен басқа да гуманитарлық сала өкілдері отыр», — деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет жаңа тариф саясатын жүзеге асыруды жалғастыруға тиіс дейді. Тарифтер нарық талаптарына сай болмаса, электр энергиясымен, жылумен және сумен үздіксіз қамтамасыз ету мүмкін емес, деп отыр.

«ТМД елдерінің бәрінде дерлік электр энергиясының, газдың және мұнай өнімдерінің бағасы Қазақстанға қарағанда қымбат. Өз кезегінде бұл экономика балансының бұзылуына әкеледі. Жанар-жағармайдың көршілес елдерге контрабандалық жолмен  таситындардың бар екенін жұрттың бәрі көріп отыр. Өз кезегінде бұл қылмыстың етек алуына негіз болады», — деді Президент.

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы «Бірлік» шағын ауданында үй салған компаниялар ақшаларын ала алмай жүр 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *